сурет ашық дереккөзден алынды
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевқа ауызсу мәселесіне қатысты сұрақ қойылды.
«Ресми дерек бойынша Шығыс өңірінің тұрғындары 97,2 пайыз таза ауызсумен қамтылған. Алайда Катонқарағай ауданындағы Топқайың ауылының тұрғындары бізге хабарласып, өзеннен су алып ішіп отырғандарын айтқан болатын. Бұл туралы не айтасыз? – деді БАҚ өкілі.
Облыс әкімі:
Өзіңіз келіп көріңіз, – деп қысқа қайырды.
Естеріңізге саламыз, Топқайың ауылындағы ауызсу мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Жергілікті желілік басылымдардың бірі жуықта «Шекарадағы ауылдарда құдықтар құрғап, құбырлар қаңсып жатыр, ал халық өзеннен су ішіп отыр» деп жазған болатын. Мақала сілтемесі төменде: https://f16.kz/basty/188-shekaraday-auyldarda-dytar-rap-byrlar-asyp-zhatyr-al-haly-zennen-su-iship-otyr.html