Уақыт белдеуі қайтадан өзгере ме? Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевқа БАҚ өкілдері осындай сұрақ қойды.
Өңір басшысы Үкімет қабылдаған шешім қайта қаралмайтынын айтты. Дегенмен жергілікті халықтың жаңа уақыт белдеуіне бейімделуін жеңілдететін іс-шаралар жасалады.
– Мүмкін әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесін қайта қарап көрерміз. Қалай болған да, тұрғындардың жаңа уақытта тез бейімделуі үшін барлық жағдайды жасаймыз, – деді ШҚО әкімі.
Облыс әкімі нақты қандай мекемелер мен қай саладағы мамандардың жұмыс кестесі өзгеретіні жан-жақты зерттеу жұмыстарынан кейін ғана белгілі болатынын атап өтті.
Айта кетейік, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті.