Шығыс өңірінде аяз күшейеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 8-12-2024, 11:25 0

Қазгидрометтің өңірлік филиалының ақпаратына сүйенсек, 9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын мол болады. Жүл күшейіп, күн күрт суытады. 

"Ауа температурасы түнде 4-9, облыстың шығысында 18-23 градус аяз болады. Облыстың оңтүстігінде 15 градус аязға дейін, күндіз 4-9, облыстың шығысында 13 градус аяздан 15-20, облыстың шығысында 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 10 желтоқсанда түнде 22-27, облыстың шығысында 30 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі", — деп жазылған хабарламада. 

ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға мынандай кеңес береді:

- елді мекеннен ұзап шықпаңыз; 

-қатты аязда қажеттілік болмаса, үйден шықпауға тырысыңыз; 

-далаға шығу қажет болған жағдайда, жылы киініңіз. Автокөлікті күтіп ұзақ тұрмаңыз.  

-үйде жиі от жағыңыз, бірақ шектен тыс қыздырмаңыз; 

- электр жылытқыштарды қолданғанда сақ болыңыз. 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив