Өскеменде ардагерлерге арналған Ашық есік күні өтеді

ЖАҢАЛЫҚТАР 6-12-2024, 17:01 0

Фото: lor96.ru

Облыс орталығының медициналық ұйымдарында соғыс ардагерлеріне, мүгедектерге және оларға теңестірілген адамдарға арналған Ашық есік күні өтеді. Шара Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, Ашық есік күні 9-12 желтоқсан аралығында төмендегі медициналық ұйымдарда өтеді:

- 9 желтоқсан күні сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін ШҚ облыстық ауруханада (Әуезов даңғылы, 26). Қабылдауды невропатолог, офтальмолог, хирург, кардиохирург, травматолог жүргізеді. 

- 10 желтоқсан күні сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасында (Шәкәрім көшесі, 149 мекенжайында орналасқан). Қабылдауды кардиолог, пульмонолог, ревматолог, аллерголог жүргізеді.

- 12 желтоқсан күні сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығында (бұрынғы №1 қалалық аурухана Абай даңғылы, 18). Қабылдауды уролог, нейрохирург, нефролог, эндокринолог жүргізеді. 

Естеріңізге сала кетейік, аталған акция медициналық тексеруді, білікті мамандарға тексеріліп, интернационалист жауынгерлердің өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ауруханаға жатқызуға жолдама алу, ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив