Жол жұмыстарының қарқыны жоғары – Самар ауданы

ЖАҢАЛЫҚТАР 6-12-2024, 12:03 0

Самар ауданында Жол жылы аясында бірқатар жоба жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Мәселен облыстық маңызы бар Өскемен-Тарғын-Самар жолына орташа жөндеу жүргізілді. Жолдың 133-ші және 145-ші шақырымы аралығында учаскені 603,1 млн теңге жұмсалған.

Сонымен қатар аудандық маңызы бар бірқатар көлік жолы жөнделді. Атап айтқанда, Новостройка мен Қараөткел ауылының кіреберіс жолдары, Самар, Мариногорка және Сарыбел ауылдарының көшелері.

– «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен 545,9 миллион теңгенің алты жобасы қарастырылған. Сондай-ақ Бастаушы, Аққала және Құлынжон елді мекендерінде жеті шақырымнан астам кентішілік жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, 2025 жылға ауысатын жобалар бар. Айталық, алдағы жылы Көкжота және Көкжыра ауылдарында 4,3 шақырым жол жөнделеді. Сонымен қатар Көкжыра ауылының кіреберісіндегі жолдың екі шақырымын жөндеу жоспарда бар, – деп мәлімдеді Самар ауданы әкімінің орынбасары Қайдар Сұрашев.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив