ШҚО-да су тасқыны қаупі бар учаскелерді аэровизуалды тексеру жалғасуда


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-12-2024, 17:25 0

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Бір күн бұрын облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, ШҚО ТЖД бастығы бастаған мүдделі органдардың мамандары Глубокое, Алтай, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарын әуеден барлап өтті. Бүгін Марқакөл ауданында мониторинг жалғасын тапты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Облыстық инженерлік жұмыстар жоспары аясында мұнда Қара Ертіс өзеніндегі бөгетті нығайту, сондай-ақ Орта Теректі өзені бөгетіне көп факторлы тексеру және қауіпсіздігін декларациялау жұмыстары жүргізілді.  Қалжыр өзеніндегі жағалауды нығайту, арнаны түзету және тазарту және Қалжыр өзеніндегі "Алкым" учаскесіндегі бөгетті күшейту жұмыстары жүргізілуде.

-          Су тасқыны-ең жауапты және шиеленісті кезеңдердің бірі. Біздің бірлескен міндетіміз - адамдарды қорғау және залалды азайту. Өңірде ауа-райы өте құбылмалы болғандықтан, су тасқыны жағдайына және гидротехникалық құрылыстарды пайдаланатын меншік иелері мен ұйымдардың суды жіберудің белгіленген режимдерін сақтауына тұрақты негізде бақылау жүргізу қажет, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.                   


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив