Биыл ШҚО-да көкжөтел ауруының 117 жағдайы тіркелді


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-12-2024, 12:10 0

Шығыс Қазақстан облысында биыл көкжөтелдің расталған 117 жағдайы тіркелді, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 15,9 қарқындық көрсеткішін құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі өткен баспасөз мәслихатында ШҚО санитарлық-эпидимиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина мәлімдеді. 

Көкжетел - бұл бактериялық инфекция, әсіресе балалар арасында жиі кездесетін ауру. Бұл ауруды Bordetella pertussis бактериясы тудырады, ол тыныс алу жолдарына әсер етіп, ұзақ әрі қатты жөтелге әкеледі.

ШҚО-да аурушаңдықтың географиялық таралуы: Өскемен қаласы - 94 жағдай, Ұлан ауданы - 9, Глубокое ауданы - 4, Зайсан ауданы - 3, Тарбағатай және Шемонаиха аудандары - 2 жағдайдан, Риддер қаласы, Күршім және Алтай аудандары - 1 жағдайдан.

Жас ерекшелігі бойынша аурушаңдық: 1 жасқа дейінгі балалар - 39 жағдай, 1-5 жас аралығындағы балалар - 68, 6-9 жас аралығы - 8, 19 жас және одан жоғары - 2 жағдай.

Екпе алмаған балалардың жалпы саны - 93, оның ішінде: екпе егу жасына жетпеген - 9, медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша - 28, екпеден бас тартқандар - 47, екпені өткізіп алғандар - 9. 

2023 жылы облыста көкжетелдің 3 расталған жағдайы тіркелген болатын (қарқындық көрсеткіші - 0,4), оның барлығы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. 

Иммундау нәтижелері 2024 жылдың 10 айының қорытындысы:

1 жасқа дейінгі балалар арасында (АКДС3+Hib3) - 83,7% (6465 бала); 

1 жасқа толған балалар арасында (АКДС4+Hib4) - 44,5% (7338 бала); 

6 жастағы балалар арасында (АбКДС) - 80,6%.

Облыстағы балалардың басым бөлігі қажетті екпелермен қамтылған. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы мақсатында профилактикалық екпелерді уақытылы алу қажеттілігі туралы акпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив