Дружбы Народов көшесіндегі су құбыры желілерінің құрылысы биыл аяқталады


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-12-2024, 11:20 0

сурет: ШҚО Энергетика және ТҮКШ Басқармасы

2021 жылы «РОСИБ» ЖШС жобалау ұйымы жалпы құны 262,6 млн теңге болатын Өскемен қаласы Дружбы Народов көшесін сумен жабдықтау желілерін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірледі. 

Жобада 34 үй тұрғындарын қамтамасыз ету үшін ұзындығы 1 427 метр су құбыры желілерін салу құрылысы көзделген.

– Биыл жобаны іске асыруға толық қаржыландыру бөлінді, шарт - «Alyans XXI» ЖШС-мен жасалынды. Қазіргі уақытта суық сумен жабдықтау желілерін төсеу жұмыстары аяқталды, нысанды ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін іске қосу жоспарлануда, соның нәтижесінде облыс орталығының 102 тұрғыны алғаш рет сапалы сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етіледі, - делінген ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарламасында.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив