ШҚО-да 80%-дан астам бала иммундау әдісінен өтеді

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР 5-12-2024, 11:03 0

ШҚО-да 18 жасқа дейінгі балалардың, соның ішінде 16 жастан асқан жасөспірімдердің 80%-дан астамы иммундау әдісінен өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemenтілшісі.


- Вакцинацияағзаныңауруларғақарсытұрақтылығынқалыптастыруғакөмектеседі, табиғиқорғанысмеханизмдерініскеқосады. Сонымен қатар, ол ерекше антиденелердің қалыптасуына ықпал етеді, бұл иммундық жүйені күшті етіп, түрлі инфекциялармен күресуге дайындайды, - деді Мадина Мырзабекова.

Облысты иммундаумен толық қамтылуды қамтамасыз ету үшін жыл бойы әдістемелік жұмыстары белсенді түрде жүргізілген. Қазіргі күні ШҚО денсаулық сақтау басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және облыстық білім басқармасының бірлесе отырып жасаған жұмысы оң нәтиже беріп отыр.


Сонымен қатар облыста медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Биыл мамандар Назарбаев Университетінде тренингтен өтіп, 2023–2025 жылдарға арналған ұлттық жол картасы аясында АПВ-ға қарсы вакцинацияны енгізу бойынша дәрістер оқытылды.


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив