Өскемендегі жаңа ЖЭО: жоба елордада талқыланды


ЖАҢАЛЫҚТАР 3-12-2024, 09:30 0

Өскеменде салынатын жаңа жылу-электр орталығының жобасы Астана қаласында талқыланды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.


Жобаның бастапқы кезеңіндегі маңызды бағыттар талқыланған жиынға Шығыс Қазақстан облысының энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов және «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Интер РАС Экспорт» ЖШҚ компанияларының өкілдері қатысты.


Кездесуде жобаның техникалық жағы мен қаржы мәселесі де қаралды. Тараптар ірі энергетикалық нысанның жобасы сәтті жүзеге асу үшін әрбір қадам келісілуге тиіс екенін атап өтті.


Сонымен қатар жиында энергетика министрлігінің электр энергетикасын дамыту департаменті бюджеттік жобалар басқармасының басшысымен бірге Шығыс Қазақстан облысының жылу желілері мен жылу көздерін қайта жаңарту, салу, жаңғырту жөніндегі жобалар талқыланды.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив