Шығыс Қазақстан облысында «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарына және егін жинау жұмыстарына алғашқы қарыздар берілді.
200 млн. теңгеден астам сомаға 8 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қаржыландырылды. 6 тауар өндірушінің 480 млн. теңгеге жуық сомаға өтінімдері мақұлданды. 2 млрд. теңгеден астам сомаға өтінімдер пулы қалыптастырылды.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда! Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының есігі сіздер үшін ашық!
🔍Бағдарлама шарттары
📍 Қаржыландыру жолдары:
✔️ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдары;
✔️ Несие серіктестіктері;
✔️ Екінші деңгейлі банктер;
✔️ Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар;
✔️ Микроқаржы ұйымдары;
✔️Өңірлік инвестициялақ орталықтар.
🖋️ Нысаналы мақсаты
✔️ Айналым қаражатын толықтыруға несие беру (2025-жылдың көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін);
✔️ АӨК субъектілерін қаржыландыру үшін өсімдік шаруашылығы өнімдерін сатып алуға аванс беру арқылы қайта өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражатын толықтыруға несие беру (көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін)
📌 Сыйақы мөлшерлемесі:
Жылдық 5%, (ЖТСМ – жылдық 5%-дан бастап)
🏠 Кепілдікпен қамтамасыз ету:
✔️ Аграрлық несие корпорациясының кепіл саясаты талаптарына 100% сай келетін мүлік;
✔️ Қарыз сомасының 85%-ын «Даму» КДҚ» АҚ кепілдендіреді. Қарыздың қалған бөлігі мен сыйақы мөлшерлемесін фермер Аграрлық несие корпорациясының кепіл саясаты талаптарына жауап беретін кепілдікпен қамтамасыз етуі қажет.
❗ Несие мерзімі:
✔️ 2026 жылғы 1 наурызға дейін