Бір қабатты Шығыс: Октябрьский кентінде құрылыс қызып жатыр


ЖАҢАЛЫҚТАР 2-12-2024, 14:53 0

Өңірде сәтті жүзеге асып келе жатқан бағдарламалардың бірі – «Бір қабатты Шығыс». Бүгінде көпбалалы отбасылар, әлеуметтік осыл топқа кіретін жанұялар аталмыш бағдарламаның игілігін көруде. Аудан-ауданда қоныстой тойлаушылардың саны жыл санап артып келе жатқаны әсіресе көңілге қуаныш ұялатады.

Дәл қазір Октябрьский кентінде құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қос пәтерлі тұрғын үйді «ЖЕЕБ» ЖШС деп аталатын мердігерлік ұйым салып жатыр. Мамандардың айтуынша құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Қазір үйдің ішін әрлеу жұмыстары жүргізуде. Яғни көп ұзамай тағы бір топ отбасы игі бағдарламаның шарапатын көреді.

Қолжетімді және ыңғайлы баспана ұсынатын «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Мұндай жобалар аймақтың дамуына да серпін беретіні айта кеткен жөн.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив