ШҚО әкімдігі кәсіпкерлік субъектілеріне профилактикалық тексерулер жүргізеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 2-12-2024, 17:35 0

Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы кәсіпкерлік субъектілерін «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңын сақтауға шақырды. Ақпаратқа қарағанда, заң бұзған кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен реттеледі, ал бақылау мен қадағалау жоспардан тыс тексерулер мен профилактикалық тексерулер арқылы жүзеге асырылады.

Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

- прокуратура органдарының талаптары;

- мемлекеттік органдардың өтініштері.

Анықталған бұзушылықтарға немесе белгіленген мемлекеттік нормалардан ауытқуларға байланысты сәулет-құрылыс бақылау органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20-тарауына сәйкес құрылыс субъектілеріне қатысты шаралар қабылдайды.

Құрылыс саласындағы әкімшілік жауапкершілік бұзушылық сипаты мен кәсіпкердің санатына байланысты 10-нан 1400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлды білдіруі мүмкін. Кейбiр жағдайларда лицензиядан айыру немесе аттестаттарды тоқтата тұру сияқты қосымша шаралар қолданылуы мүмкiн.

Қазақстандағы құрылыс қызметі «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив