Моңғолиядан Қазақстан тарихына қатысты 90 фотоқұжат табылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-11-2024, 14:00 0

сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Моңғолиядан Қазақстан тарихына қатысты фото және киноқұжаттар табылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, «Архив – 2025» кешенді жоспары аясында шет ел архивтерінен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты тарихи құжат жинақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің делегациясы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласына іссапармен барды. 

– Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Моңғолия Ұлттық архивінен Қазақстанға қатысты құжаттар анықталып, 90 фотоқұжат және жалпы ұзақтығы 92 минуттық киноқұжаттың көшірмесі алынды. Киноқұжатта Баян-Өлгей аймағының он және жиырма жылдығына арналған бейнеқұжаттары, қазақстандық делегацияның жергілікті қазақтардың тыныс-тіршілігімен танысуы туралы деректер бар. Ал фотоқұжаттарда Баян-Өлгей аймағындағы қазақ халқының тұрмысы, жергілікті театр әртістерінің қойылымдары, әр жылдары Моңғолия еліне сапарлаған қазақстандық өкілдер бейнеленген, - делінген хабарламада.  

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив