Өскеменде дәмхана маңында кісі өлтірген азамат 16 жылға сотталды


ЖАҢАЛЫҚТАР 13-11-2024, 13:20 0

Көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін сотқа берілген А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы 15 наурызда сағат 18.00 шамасында  ШҚО  Өскемен қаласы Абай даңғылы, №1/2  мекенжайында орналасқан  «Встреча» дәмханасының кіреберісінде қоғамдық орында мас күйінде болар-болмас себеп үшін бұзақылық ниетпен шалбарының қалтасынан жиналмалы пышақты алып шығып, қылмыс қаруы ретінде пайдаланып, танымайтын жәбірленуші В.-ның  адамның негізгі артериялары орналасқан мойынына бірнеше рет соққы жасады. Алған ауыр дене жарақаттарынан жәбірленуші сол жерде қайтыс болды. 

Сот А.-ны бұзақылық ниетпен В.-ні өлтіргені үшін кінәлі деп танып, қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеуін тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив