Әуежайдағы ұшар алдындағы тексерістен енді биометрия арқылы өтуге болады


ЖАҢАЛЫҚТАР 13-11-2024, 11:00 0

Қазақстанның азаматтық авиациясына биометрия енгізіледі. Бұл туралы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Digital Transport Day форумының кулуарында мәлімдеді. 

– Азаматтық авиация саласында биометрияны енгізу жоспарланып отыр. Жабдық сатып алынды, қазір іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр, содан кейін біз оны Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Egov бағдарламасымен біріктіретін боламыз және биометрия көмегімен: саусақ ізі, көз қарашығы арқылы тексеру аймағынан өтеміз. Біз мұны 2024 жылдың соңына дейін енгізуді жоспарлаған едік, бірақ жабдықтың кеш жеткізілуіне байланысты оны 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына ауыстырып отырмыз. Сіз рейске онлайн тіркелу кезінде тексеру әдістерінің бірін құжат немесе биометрияны таңдайсыз. Жабдыққа жақын келіп, көздің қарашығын сканерлейсіз немесе саусағыңызды қоясыз. Жабдық жеке басыңызды растайды, содан кейін өте бересіз, - деді вице-министр.  

Мақсат Қалиақпаровтың айтуынша, биометрия жолаушыны жеке куәлік арқылы тексеруге балама ретінде қолданылады. 


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив