Медициналық анықтамалардың 8 түрі электрондық форматқа көшіріледі


ЖАҢАЛЫҚТАР 8-11-2024, 13:30 0

2025 жылдан бастап медициналық анықтамалардың 8 түрі электрондық түрде берілетін болады. 

Денсаулық сақтау министрлігінің  мәліметінше, азаматтарға ыңғайлы болу үшін өздерімен бірге қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігі болмайды, олардың келісімімен электрондық анықтамалар талап бойынша белгілі бір мекемелерге берілетін болады.

Келесі медициналық анықтамалар электрондық форматқа көшіріледі:

- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- 075 / е «Медициналық анықтама»
- 026 / е «ДКК қорытындысы»
- 073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»
- 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»
- 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»
- 076 / е «Қаруға рұқсат алу»
- 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама».

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив