Өскеменде түнгі уақытта жалғыз жүрген бала табылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 8-11-2024, 12:30 0

Түнгі сағат 23:40-та автобус аялдамасында тұрған сегіз жастағы бала табылды. Автобус аялдамасында түнгі уақытта баланың жалғыз тұрғанын байқаған куәгерлер полиция қызметкерлерін шақырды. 

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта заңды өкілдерсіз сыртта жүргені үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Естерінізге сала кетейік, сағат 22:00-ден кейін балалардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз үйден тыс жерде жүруіне болмайды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив