Семейдегі мектепке дейінгі мекемелердің бірінде тәрбиеші балаларды ұрып-соққан.
"SEMEI TV" арнасының мәліметінше, балаларды ұрып-соққан тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Сондай-ақ сегіз ата-ана тәрбиешінің үстінен арыз жазғандықтан, 140-бап бойынша тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, мекеме басшысына қатаң сөгіс жарияланды.
– Қазір бұл іс бойынша сот-медициналық экспертиза тағайындалды, - делінген хабарламада.
Ата-аналардың сөзінше, тәрбиеші балаларды әріп білмегені үшін және басқа бағдарламаны меңгере алмағаны үшін ұрып-соққан. Балабақша әкімшілігі ұсынған видео ата-аналардың бұл сөзіне дәлел болды.
Болған жағдайдан кейін де бала балабақшаға барып жүр.