Мемлекетке қайтарылған 525 млрд теңге қайда жұмсалады?


ЖАҢАЛЫҚТАР 8-11-2024, 10:50 0

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің жалпы сомасы 525 млрд теңгеден астам қаражатты мемлекет пайдасына аудару және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімдер мақұлданды.

Қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аударумен қатар, Заң субъектілері есебінен келесі объектілердің құрылысы мақұлданды:

- Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған 120 орындық спорттық кешен; 

- Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы;

- Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 400 орындық жаттығу орталығы. 

– Мемлекет басшысы атап өткендей, қайтарылған барлық қаражат қазақстандықтардың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс. Осы жылдың басынан бастап Комиссия қайтарылған активтер бойынша жалпы сомасы 900 млрд теңгеден астам келісімдерді мақұлдады. Бұл қаражатқа бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы басталды, - дейді  Олжас Бектенов. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив