Өскеменде “ZHULDYZ” спорт кешені ашылды

ЖАҢАЛЫҚТАР 7-11-2024, 11:40 0

Өскемендегі Байбатчина көшесі, 2 мекенжайында жаңадан ашылған  “ZHULDYZ” спорт кешеніндегі  волейбол мен футбол секцияларына 100-ге жуық бала қабылданып жатыр.  

“ZHULDYZ” спорт кешенінің директоры Алмас Нұрсейітовтің айтуынша, мұндағы балалар Арт-спорт және Даму бала бағдарламалары бойынша спортпен шұғылданады.

Бұл мекеме “Алтай” волейбол клубы, “Форсаж”, “Тұлпар”, “Реал-16” және “Арлан” футбол клубтарымен бірлесіп жұмыс істейді. 

Сонымен қатар бұл нысанда футбол мен волейболдан бөлек спорттық гимнастика мен тоғызқұмалақ секциясы бар.

- Бізде волейбол, дзюдо, таэквондо, гимнастика үйірмелері жұмыс істейді. Балалар домбыра, вокал, заманауи бимен де айналыса алады. Әзірге мұның барлығы коммерциялық негізде өтіп жатыр. Алдағы уақытта Арт-спорт  бағдарламасын іске қосу жоспарда бар, - деді  орталық директоры Зайра Әрінова. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив