Елімізде 18 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-11-2024, 15:00 0

Қазақстанда 18 мыңға жуық азамат банкрот деп жарияланды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов мәлімдеді. 

– Соттан тыс банкроттық, сот банкроттық рәсімі бойынша 17 800  мыңнан астам адам банкрот деп танылды. Олардың жалпы қарызы – шамамен 54 млрд теңге, - дейді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов.    

Банкрот деп танылғандардың қарызы 1000 теңгеден бастап 2 млрд теңгеге дейін жетеді. 

– Бүгінге дейін жеке тұлғаны банкрот деп тану үшін бойынша 131 мың өтініш қаралды, - деді Сейілжан Әділханұлы.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив