Банк қызметкерлері қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан


ЖАҢАЛЫҚТАР 16-10-2024, 10:50 0

Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов банк қызметкерлерінің заңбұзушылықтарға барғанын хабарлады. Оның айтуынша, олар өз клиенттерінің жеке деректерін өзге азаматтарға таратқан.   

Руслан Әбдіқалықов банктер өз клиенттерінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға бергені туралы ақпаратты растады және  қазақстандықтардан осы мәселе бойынша шағымдардың түскенін растады. 

– Иә, өкінішке қарай, мұндай фактілер бар. Биыл да былтырғыдай екінші деңгейлі банктерді тексердік және оларды заң бұзғаны үшін жазаладық. Егерде жеке деректеріңізді біреу таратқанын білсеңіз сіз ол жайында хабарлай аласыз, - деді Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 

Руслан Әбдіқалықовтың сөзінше, мұндай жағдайда азаматтар бұл туралы Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне E-otinish порталы арқылы хабарлауы қажет.

– Әр банктің өз қауіпсіздік қызметі бар, біз олармен бұл мәселелерді бірге шешеміз. Егер ондай адамдарды анықтасақ, оларды айыппұлға тартамыз, ең бастысы – оларды жұмыстан шығарады және болашақта басқа банкте жұмыс табуы екіталай, - дейді  Руслан Әбдіқалықов.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив