Көпірді сынақтан өткізіп көрді. 15 жүк көлігі 450 тонна


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 14-10-2024, 11:51 0


Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ұзындығы 1316 метрді құрайтын екі жолақты көпір арнайы сынақтан өтті. Бұл — Қазақстандағы ең ұзын көпір.


Көпір құрылысын тексеру үшін жалпы жүктемесі 450 тоннаны құрайтын 15 жүк көлігі тартылды. Арнайы құрылғылар көпірдегі деформация, діріл (вибрация) және жүктемені бөлу көрсеткіштерін тіркеп алды.


Сынақ нәтижелері Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірдің барлық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін және үлкен жүктемелерге төтеп бере алатынын растады.


daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив