Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен өткен жиында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Облыста соңғы кезде балалардың қатысуымен тіркелген жол-көлік оқиғалары жиілеген, оның ішінде 286 бала жарақат алған. Балалардың қатысуымен 56 жол-көлік оқиғасы тіркелген болса, оның бесеуінде ғана баланың өзі кінәлі.
Ербол Нұрғалиев осы мәселеге байланысты жақын арада жағдайды бақылауға алып, облыстағы әрбір мектептің жанына жол белгілері мен қосымша жарықтар, мектепке балаларын әкелетін ата-аналарға көлік қоятын тұрақтарды орнатуды тапсырды.