Елімізде жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсыру жүйесіне өзгерістер енгізіледі


ЖАҢАЛЫҚТАР 11-10-2024, 11:00 0

Жүргізуші куәлігіне үміткерлер енді екі факторлы аутентификациядан өтетін болады. 

Екі факторлы аутентификация: бірінші – SMS хабарламаның көмегімен, екінші –  биометриялық сәйкестендіру арқылы қолданушының өзін-өзі растау тәсілі.  

Тестілеу басталмай тұрып қызмет алушыға дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салатын 1414 нөмерінен хабарлама келеді. SMS хабарлама электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркелген телефон нөмеріне жіберіледі. 

Жүргізуші куәлігін алуға үміткер сәтті авторизациядан кейін биометриялық сәйкестендіруден өтеді. 

– Алаяқтар күн сайын алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Осы орайда біздің қызметкерлеріміз де заңбұзушылықтарды анықтау үшін үлкен жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация қызмет көрсетудің сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Ендігі кезекте, екі факторлы аутентификацияны енгізу емтихандағы бұзушылықтардың санын азайтуға көмектеседі деп сенемін. Сәйкесінше қызмет алушының деректері де сенімді қорғалады, - деді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.  

Бұл бастама әзірге Астана қаласында ғана енгізілді. Еліміздің барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында екі факторлы аутентификацияны осы жылдың соңына дейін енгізу жоспарлануда.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив