Облыс әкімі тапсырма берді. Өскеменде мал базары дайындалып жатыр


ӘР САЛА / АУДАНДАР / Басты 25-07-2024, 12:00 0

-Маңдай термен өсірілген малдың  лайық бағасы болуы керек. Әйтпесе  сутегін кетіп жатыр. Алыпсатарларға амалсыз арзанға бере салады. Қысы-жазы төрт түліктің соңында жүрген шаруаның еңбегін бағалаңыздар. Сол үшін Өскеменде арнайы “Мал базары” болуы тиіс, - деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Мұндай базардың халыққа пайдасы қандай болмақ? Әкімнің айтуынша, ауылдағы жұрт өз малын Өскемендегі базарға әкеліп, нарықтық бағамен тікелей тұтынушыға тірідей өткізе алады. Мал биржасының негізгі мақсаты да осы.

Егер облыс орталығында осындай мал сату орталығы болса, шаруаларға әрине, пайдалы болар еді. Тұтынушыға да ыңғайлы.

- Облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларына мал базары бойынша тиісті тапсырма берілген, - деді облыс әкімі.

Қала әкімі Жақсылық Омар берілген тапсырмаға байланысты, болашақтағы мал базарына арнайы орын, яғни жер учаскесін де дайындап қойғанын айтты.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, “Мал базар” Қасым Қайсенов кентіне бара жатқан жолдың бойындағы “телевышканың” тұсында болмақ. Естеріңізде болса, биылғы құрбан шалу рәсімі сол жерде өткен болатын.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив