Белоусовка кентіндегі апатты үй мәселесі - ШҚО


ЖАҢАЛЫҚТАР 2-10-2024, 17:00 0

Белоусовка кентіндегі Юбилейная көшесі, 7 мекенжайындағы көпқабатты үйдің тұрғындары үйлерінің апатты жағдайда екендігін айтып жергілікті әкімдікке жүгінді.

Алғашқы сараптама кезінде үйдің екі подъезді тұруға жарамсыз деп танылып, 34 пәтердің тұрғындары жаңа үйлерге көшірілген. Ал қалған екі подъезд жарамды деп танылғандықтан пәтер иелері қалуды жөн көрді.  

– Соңғы уақытқа дейін бұл ғимарат тұрғындарынан жазбаша өтініштер түскен жоқ. Жаңа сараптама жүргізілмегендіктен біз әзірге ешқандай шешім қабылдай алмаймыз. Соған қарамастан тұрғындармен сөйлесіп, ортақ келісімге келдік, - деді Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тұмашинов. 

Сараптама жүзінде бұл үйдің қауіпті екендігін расталды. Дегенмен, үйді тұруға жарамсыз деп тану үшін және нақты шешім қабылдауға тағы бір техникалық сараптама қажет.

Бұл мәселені шешу үшін тұрғындарға бірнеше шешім ұсынылмақ: басқа үйге көшу, өтемақы төлей отырып, олардың мүлкін сатып алу. Сондай-ақ әкімдік халыққа қолжетімді ипотекалық бағдарламалар арқылы жаңа баспана алуға көмектесуге дайын.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив