ШҚО-да биыл облыс су айдындарында шомылу маусымы кезінде 19 адам құтқарылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 17-09-2024, 16:00 0

«2024 жылғы суға түсу маусымының қорытындысын шығару туралы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті биыл облыс су айдындарында шомылу маусымы кезінде 19 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылған 4 адам суда қаза тапқанын мәлімдеді. 

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлының айтуынша, бұл жағдайлар су айдындарында шомылу қауіпсіздік шараларын сақтамау және балаларды қараусыз қалдырудан туындайтынын айтты.  

Департамент «2024 жылға арналған шомылу маусымы кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын» әзірледі, оның іске асырылуы ай сайын бақыланды. Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында құтқарушылар 2947 рейд жүргізді. Су айдындарының түбін тексеру бойынша сүңгуірлік жұмыстар уақтылы жүргізілді. «Жас құтқарушы» үйірмесі арқылы 560 бала суда шомылудын бастапқы дағдылары оқытылды, оқушылармен және жас құтқарушылармен 22 практикалық сабақ өткізілді, - дейді Қуатбек Кенжебекұлы. 

ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 23 құқық бұзушы тартылды.

ШҚО ТЖД облыста қазіргі уақытта су айдындарында демалу, балық аулау жалғасып жатқанына назар аударды, сондықтан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін ескертеді. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив