Біріккен мәдениеттердің Х форумы аясында Қазақстан мен Ресейдің мәдениет министрлері бірлескен жобаларды талқылады.
Аида Балаева мен Ольга Любимова Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге, дайындыққа қатысты келісімдерді талқылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы ІІІ Ұлттық Құрылтайда мәлімдеді. Елбасы соғыс қаһармандарының естелігін сақтаудың және тарихи әділеттілікті қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығына тоқталып, дайындықты бастауды тапсырды. Министрлер осы бағыттағы жүйелі жұмыстарды белгіледі.
Сондай-ақ министрлер екі елдің театр мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бейнелеу өнері мен анимация саласындағы байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады.
– Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Сәтті бірлескен жобалар, гастрольдер және халықаралық фестивальдерге қатысу біздің ортақ жетістігімізді растайды. Біз театр, мұражай және музыкалық ынтымақтастықты дамытудың жүйелі жоспарын құру арқылы өзара іс-қимылды нығайтуды жалғастырамыз, - дейді Мәдениет және ақпарат министріАида Балаева.
Ресей Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой «Астана Опера» Қазақ ұлттық опера және балет театрының Ресейдің Үлкен театрына гастрольдік сапарының маңыздылығына тоқталды.