Kazzinc-тің Швейцариядағы инвесторы Гэри Нейгл президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа келді


ЖАҢАЛЫҚТАР 12-09-2024, 12:27 0

Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Glencore компаниясы қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, еліміздің тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы компания жұмысының негізгі аспектілері талқыланды.

Президент экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды енгізу қажет екеніне айрықша назар аударды.

Айта кетейік, швейцариялық Glencore - Kazzinc компаниясының инвесторы. Биыл оның Kazzinc-тегі үлесін сатпақ болғаны хабарланған. Бірақ әзірге сатылған-сатылмағаны туралы ақпарат жоқ.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив