«Бипек авто» компаниясынан тәркіленген 330 млнның тікұшақтары сатылмады


ЖАҢАЛЫҚТАР 11-09-2024, 13:00 0

«Бипек Авто Қазақстан» ісінде тәркіленген ЯК-40 және ЯК-42Д жолаушылар ұшағы аукционда сатылмады. 
Аукционда Як-42Д ұшағы 282 миллион теңгеге, Як-40 ұшағы 48,2 миллион теңгеге бағаланған. Қылмыстық іс нәтижесінде тәркіленген ұшақтың құжаттары жоқтығы, фюзеляждарда ойықтар мен сызаттар бар екені анықталды.  
– Мүлiктi сатып алғаннан кейiн тасымалдауға, сақтау орнына көшуге, айыппұлдар мен қамауға алуды төлеуге және басқа да төлемдерге байланысты барлық шығындарды сатып алушы өзiнiң қаражаты есебiнен көтередi. Сатып алушы мүлiктi өз бетiнше және өз есебiнен тiркейдi. Мүлікті сатып алу құны толық төленген сәттен бастап сатып алушы оны 10 күн ішінде алуға міндетті, әйтпесе сатып алушы салған қаражат қайтарылмайды және мүлік қайта сатуға қойылады, - делінген хабарламада.   
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ұшақты қайтадан аукционға шығарды. 
Бұл жолы ұшақтың бастапқы бағасы айтарлықтай өсті: Як-42Д ұшағы 846 миллион теңге, Як-40 ұшағы 146 миллион теңге. Ұшақ ағымдағы жылдың шілде айында бағаланды. 
Аукцион 26 қыркүйекте сағат 11:00-де өтеді. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар