Мектеп асханасындағы ботқа мен шайға қанттың шамадан тыс қосылатына қазақстандықтар наразы


ЖАҢАЛЫҚТАР 11-09-2024, 11:00 0

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баспасөз мәслихатында мектеп ас мәзіріндегі ботқа мен шайға қосылатын қанттың мөлшеріне қатысты мәселеге жауап берді.  

Осы мәселені көтерген журналистердің мәліметінше, Қазақстанда қант диабеті «жасарып» бара жатыр және көптеген балаларға семіздік диагнозы қойылған. Соған қарамастан, мектептерде балаларға шамадан тыс тәтті ботқа, қант қосылған шай, тәтті компот және печенье сияқты тәтті тағамдар  беріледі.

– Шында да, қантқа, тұзға қатысты бұл мәселе өте өзекті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тәулігіне 25 грамнан аспайтын қантты және 5 грамнан аспайтын тұзды тұтынуға қатысты белгілі бір ұсыныстары бар. Өкінішке орай, бүгінгі күні орташа есеппен қазақстандықтар 18 грамға дейін тұз, 40 грамнан астам қант тұтынады, - дейді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.   

Министр нормативтер үкіметтің тиісті қаулысымен реттелетінін айтты.

– Барлық медициналық ұйымдар мен білім беру ұйымдары нормативтерді сақтауы керек. Нормативтерге байланысты ұсыныстардың қаншалықты орындалып жатқанын бақылау өте қиын. Ұсыныстар жасына қарай: 2 жасқа дейін 15 граммнан және жоғары сыныптарда 40 граммнан аса тұтыну ұсынылмайды.  2012 жылы бекітілген соңғы нормативтер 2024 жылы қайта қаралтатын болады. Бұл ұсыныстарды қоғамдық тамақтандыру қызметтерін жеткізушілермен келісімшартқа отырған мектептер бұл мәселені қадағалауы керек, - деді Ақмарал Әлназарова.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив