ШҚО-да «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 458 тұрғын үй салынуы мүмкін


ЖАҢАЛЫҚТАР 15-08-2024, 12:30 0

Биыл Шығыс Қазақстан облысында  ауданы 70 шаршы метрді құрайтын - 319 үй, ауданы 85 шаршы метр құрайтын - 139 тұрғын үй салу жоспарланған. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында Өскеменде 40 үй, моноқалалар мен аудандарда 418,  Катон-Қарағай мен Марқакөл аудандарының ішінде жаңадан құрылған аудандарында 44 үй тұрғызылуы мүмкін. 

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы үйлерді салып қана қоймай, жұмыстың сапасын қадағалайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша құрылыс нысандарын тексеру басталды.Сонымен қатар, «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» тарапынан салынып жатқан үйлердің құрылыс талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізіліп жатыр. 


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар