Халықаралық маңыздағы трассаның тозығы жеткен. Автокөлік жүргізушілері талай жылдан бері тозған жолмен титықтап жүрген.
Күре жолмен күніне жүздеген жүк көлігі өтеді. Апат та жиі тіркеледі.
Биыл отыз шақырым жолға асфальт жабыны төселеді. "Қазавтожол" мекемесі өкілдерінің айтуынша, қалған бөлігіндегі жұмыс келесі жылға жоспарланған.
Биыл Предгорный ауылынан Первомай елді мекеніне дейінгі 30км жолды қалыпқа келтіреміз. Қажетті материалдардың төзімділігіне қатты назар аударып отырмыз. Сондықтан орташа емес, күрделі жөндеуден өткендей сапалы болады деп ойлаймыз, - дейді "Қазавтожол" ҰҚ ШҚО филиалының бөлім басшысы Шыңғыс Зайытов.