ШҚО-да отандық жаңбырлатқыш машиналарды шығаратын кәсіпорын ашылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-08-2024, 11:30 0

Шығыс Қазақстанда "Ертіс" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" және «ADAM» компаниясының қолдауымен отандық «Су Береке» жаңбырлатқыш машиналарын шығаратын кәсіпорын ашылды. 

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, негізгі зауыт Астанада орналасқан және жақын арада суару техникасының дәл осындай өндірісі Шығыс Қазақстанда да құрылатын болады. Осы мақсатта облыста бірлескен кәсіпорын құрылып, заманауи, жоғары технологиялық өндіріс құруға қатысты мәселелер шешіліп жатыр. 

Жаңбырлатқыш машиналар суармалы егіншілікті дамыту, суды үнемдейтін технологияларды енгізу, жекелеген аймақтарда және жалпы Қазақстан бойынша су тапшылығын жою қажеттілігіне байланысты осы сұранысқа ие өнімдерге деген жоғары сұранысты өтеуі тиіс. 

Бүгінде Ұлан ауданы Привольное ауылындағы «Багратион-2», Ново-Азово ауылындағы «Ram Agro» шаруа қожалықтарында Қазақстанда жасалған «Су береке» маркалы суару техникаларының алғашқы үлгілері орнатылып, нәтижелі жұмыс істеуде. 

Суару техникалары орнатылғаннан кейін фермерлер оларды жоғары бағалады және мұндай тиімді жаңбырлатқыштарды жеткізуге қосымша тапсырыс беруді жоспарлап отыр. 

Бас компания өкілдері мәліметінше, «Су Береке» маркалы спринклердегі жергілікті қамту 54%-ды құрайды. Негізгі құрылымның барлығы Қазақстанда отандық шеберлердің, жұмысшылар мен инженерлердің қолымен жасалған. Бұл ретте тек бірқатар қажетті құрамдас бөліктер ғана импортталады, олардың тізімі уақыт өте келе тұрақты түрде азайып, отандық өнімдермен ауыстырылады.

«ADAM» компаниясының  техникалық мәселелер жөніндегі бас директоры Дидар Бимолдин Шығыс Қазақстан облысымен ынтымақтастықтың келешегі зор екенін атап өтті. 

– Бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы жобалар қатарында шаруалар биыл іске қосқысы келетін 8 мың гектарға жуық суармалы жер бар, - дейді Дидар Бимолдин. 

 


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив