Бокс олимпиада ойындарынан алынып тасталуы мүмкін


ЖАҢАЛЫҚТАР / ӘР САЛА 13-08-2024, 13:34 0

Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах бокс Лос-Анджелестегі келесі ойында Олимпиадалық спорт түрлері тізімінен алынып тасталуы мүмкін екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

360.ru таратқан мәліметке сүйенсек, маңызды шешім 2025 жылы қабылданады.

Мүмкін келесі жылы да қабылданып қалуы ғажап емес. Неғұрлым тезірек, тіпті бірінші жартыжылықта шешім қабылданғанын қалаймыз. Бірақ одан ертерек болуы екіталай, - деді Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.

Айта кетейік, осы қағида бойынша карате үш жыл бұрын Олимпиада ойындарынан алынып тасталған еді.

Бокстың алынып тасталуы туралы айту әлі ерте. Өйткені Томас Бах егер мұндай шешім қабылданса, ұлттық ұйымдар бокс бойынша халықаралық сайыстар өткізу үшін ұлттық ұйымдар бірігуі қажеттігін айтты.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив