“Казцинк” басшылығы ауысты. Бүгін компанияның бас директоры облыс әкімімен кездесті


ЖАҢАЛЫҚТАР 17-05-2024, 15:35 0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі «Казцинк» ЖШС компаниясының жаңа бас директорын қабылдады, кездесу барысында Жанат Жанботин кәсіпорынның алға қойған даму жоспарларымен бөлісті.
- «Казцинк» жүйе құрушы, қала құрушы және «аймақ құрушы» өңірдегі елеулі кәсіпорын. Компания аймақ экономикасының дамуына үлес қосып қана қоймай, әлеуметтік салаларға да қолдау көрсетуде,- деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев. 
Кездесу барысында жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіпорынға жұмысқа тарту мақсатында колледждерде  арнайы бөлімдер құру мәселелері талқыланды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив