Тарбағатайда жаңа демалыс орны салынады

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 16:06 0

Шығыс Қазақстанда туризм қарқынды дамып келеді. Соның бір дәлелі өңіріміздің тағы бір ауданы Тарбағатайда жаңа демалыс аймағы салынбақ, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Жаңа демалыс аймағы Тұғыл ауылдық округіне қарасты Байтоғас ауылының жанындағы Қарсақпай учаскесінде салынбақ. Ол бұрын да адамдар демалатын жағажай болған. Ендігі кезекті заманауи демалыс аймағына айналмақ. Жоба аясында аумақтың бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, бүгінде 30 жер телімі аукцион арқылы жеке инвесторларға берілген. 

– Бұл жерге сұраныс жыл сайын артып келеді. Жағажайдың құмы жұмсақ, суы таяз – балалар үшін қауіпсіз. Қазірдің өзінде бұл аумақты «жабайы жағажай» деп атап алған. Сондықтан біз бұл жерді заңдастырып, арнайы демалыс аймағына айналдыруды бастадық. Бүгінде Қарсақпайда алғашқы нысандар бой көтеріп жатыр. Екі киіз үй тігіліп, демалушыларға жалға берілуде. Тағы бір кәсіпкер жақын күндері 15 жазғы демалыс үйін салады, – деді Марат Ниғметоллаұлы.

Баспасөз жиыны барысында, қазіргі таңда үш су ұңғымасы қазылып, электр қуатын тарту мәселесі шешілген. Барлық телімдерге ауызсу жетіп тұр. Ал құрылыс жұмыстары электр және су инфрақұрылымы толық аяқталған соң басталады. Жер телімдері алғашқы кезеңде екі жылға жалға беріліп отыр. Осы уақыт аралығында кәсіпкерлер өз жобаларын салып бітірсе, кейін олар жерді жеке меншікке ауыстыра алады.

– Бұған дейін біз «Үздік туристік аймақ» жобасы аясында 200 миллион теңге көлемінде қаражат ұтып алғанбыз. Қаражат нақты бөлінсе, жағажайды абаттандыруды бастаймыз, – деді Тарбағатай ауданы әкімнің орынбасары.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив