Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, ғимарат жан-жақты зерттеуден өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen
Нәтижесінде: Есенберлин даңғылы бойындағы аяқталмаған машина жасау колледжінің ғимараты заманауи мектепке бейімделетін болды.
Бұл туралы ақпаратты облыс әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар өз парақшасына жариялады.
-Мердігер компания дайындық жұмыстарына кірісіп кетті. Инженерлік желілер мен коммуникацияларды жобалау басталды. Ғимараттың шатыры толығымен аяқталды, деп жазды Жақсылық Омар.
Енді ғимараттың нақты мақсаты анықталған соң, құрылыс жұмыстары қарқынды кезеңге өтпек.
Бұл аудан қазір қарқынды дамып келеді: жаңа тұрғын үйлер бой көтеруде, жаңа мектептер салынып жатыр және болашақта тағы да жоспарланған. Алайда, соған қарамастан, оқушы орындарының тапшылығы сақталуда.
Жаңа мектептің ашылуы — дер кезінде қабылданған маңызды шешім.