Катонқарағай ауданына қарасты Белқарағай ауылдық округінің Топқайың ауылында жақын күндері интернет қосылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Елді мекен маңына арнайы антенна-мачталық станция орнатылып, оған Солдатова тауынан берілетін радиосигналды қабылдайтын жабдықтар іске қосылды. Бұл барлық тұрғындарды тұрақты байланыс және интернет желісімен қамтуға мүмкіндік береді.
Жергілікті халық интернеттің қосылуы білім алу, жұмыс істеу және өзара қарым-қатынас орнату мүмкіндіктерін кеңейтеді деп үміттеніп отыр.
Қазіргі уақытта Белқарағай округінің тұрғындары алдағы мерейтойлық лайықты атап өтуге жұмыла кірісіп жатыр.