Дәстүрлі түде өтіп келе жатқан жергілікті атқарушы органдар арасында республикалық спартакиада биыл шығыста жалғасын тапты. Еліміздің әр өңірінен келген спортшылар 9 спорт түрі бойынша сайысқа түспек, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Спорттық сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 1300 ден астам спортшы келген.
– Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық спортты дамытуға көңіл бөлу керек екендігін айтқаны баршамызға мәлім. Осы бағытта Шығыс Қазақстан облысында да көптеген іс-шаралар атқарылып келеді. Бүгінгі таңда облыс аумағында 1628 спорт нысаны жұмыс істейді. Бүгін қаламызда басталған жергілікті атқарушы органдар арасындағы республикалық спартакиаданы осы бағыттағы шаралардың бірі деуге болады. Спортшыларға сәттілік тілеймін, – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы республикалық спартакиада 10-17 маусым аралығында Өскемен қаласында өтетін болады. Олар спорттың шағын футбол, волейбол, жүзу, арқан тартыс, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, қазақ күресі, баскетбол түрлері бойынша сайысып, өзара мықтыны анықтайды.
– Бұл сайысқа жыл сайын қатысып келемін. Үш жыл қатарынан қазақ күресі бойынша жүлдегер атандым. Атырау облысының туын тік ұстап, намысын қорғайық деп келдік. Шырайлы шығыс жұрты қонақжайлылық танытып жатыр. Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін, –деді Атырау облысынан келген Бекбол Қуатұлы.