Өскеменде екі жаңа мектепке қабылдау басталды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 11:47 0

Өскемен қаласында 2025-2026 оқу жылында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы негізінде салынған екі мектеп оқушыларға есігін айқара ашпақ, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Мектептердің бірі Тимофеев көшесінде, ал екіншісі Уәлиев көшесінде орналасқан. Екі мектепте де құжаттарды алдын ала қабылдау басталды.

№31 мектеп (Тимофеев көшесі) қазақ және орыс тілінде 0-11 сынып оқушыларын қабылдайды. Анықтама телефоны: +7 777 994 9283.

№40 мектеп (Уәлиев көшесі) мемлекеттік тілде 0-11-сынып аралығында оқушыларды қабылдайды. Анықтама телефоны: +7 777 178 9190.

Ата-аналар қабылдау шарттары мен қажетті құжаттар тізімін алдын ала көрсетілген телефондар арқылы біле алады.


 


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив