Шығысқазақстандықтар 21 маусымда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін тегін тексеруден өтуге болады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Сенбі, 21 маусымда ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығында бас және мойын ісіктерін, сондай-ақ қуық асты безінің қатерлі ісіктерін диагностикалауға және алдын алуға арналған Ашық есік күні өтеді.
Учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз жетекші онколог-мамандардың кеңесін алуға болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.
Өскемен, Потанин көшесі, 6, 1 ғимарат (емхана). Телефон: 8 778 003 78 45, +7 (7232) 48-91-51.