Алтай ауданы бойынша 2025 жылы көктемгі егіс науқанына 114 ауыл шаруашылығы құрылымы жұмылдырылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Алтай ауданында биыл егіс алаңы 76,6 гектарды құрайды. Ауданда көктемгі-дала жұмыстары биыл 2025 жылдың 16 сәуірінде басталды.
2025 жылғы 5 маусымдағы жағдай бойынша дәнді дақыл мен бұршақ – 27,85 мың гектарды (90,5%), майлы дақылдар – 37,15 мың гектарды құрады.
Топырақ құнарлылығын арттыру мақсатында аудан шаруашылықтары 9242,3 тонна минералдық тыңайтқыш сатып алды, бұл 2025 жылға арналған «Жол картасы» бойынша жоспардың 124,6%-ын құрайды.
Көктемгі дала жұмыстарына түрлі модификациядағы 841 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған, оның ішінде 29 егіс кешені бар.
2025 жылы аудан шаруашылықтары 2,2 млрд теңгеден астам сомаға 22 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 565,5 млн теңгеге 11 бірлік техника сатып алды.
2025 жылғы 22 мамырдағы жағдай бойынша көктемгі-дала жұмыстарын қаржыландыру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала» және «Агробизнес» бағдарламалары бойынша жалпы сомасы 1,04 млрд теңгеге 13 несие берілді.
– Біз жыл сайын көктемгі дала егістері басталмай тұрып, бүкіл шаруа қожалықтарының басшыларын жинап кездесу өткіземіз. Сол кездесудің арқасында аудан бойынша 13 шаруа қожалықтары несие алып, көктемгі егіс жұмыстарына көмек алды, – дейді Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.