Шығыс Қазақстан облысындағы омарташылардың бірі Полина Троеглазова «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығынан алғыс хат алды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бұл марапат оның отандық өнімді дамытудағы табандылығы мен еңбегінің лайықты нәтижесі.
Омарташы өзінің табиғи бал негізінде дайындалатын жаңғақ, итмұрын сияқты қоспалар қосылған крем-бал өнімдерімен ерекшеленеді.
Полина биыл өткен«#ҚазақстандаЖасалған» конкурсының «Ауыл кәсіпкерлігі» номинациясының жеңімпазы. Одан бөлек, өңірлік өнімдерді танымал етуге бағытталған «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жүлдегері.
Омарташы табиғи өнімдерді дамыта отырып, экологиялық бастамаларды қолдайтынын айтты.