Шемонаиха ауданындағы өрт сөндірілді – ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР 9-06-2025, 14:04 0

Шығыс Қазақстан облысында найзағай салдарынан өрт шыққан. 2025 жылғы 7 маусымда сағат 16:24-те Зимих орман шаруашылығының 125-кварталы (МКМ «Верх-Уба орман шаруашылығы») аумағында түтін шыққаны тіркелген, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің шығуына найзағай себеп болған – ағаштың ұшар басы тұтанып, шала жанған. 

Оқиға орнына ТЖД мен Орман шаруашылығының күштері жіберілді. 

Алғашқы сағаттарда 49 адам, 7 техника, жылу камерасы бар дрон, 3 спутниктік терминал жұмылдырылған. 

Мамандар аумақты әуеден барлап шыққан кезде ашық жану белгілері анықталмаған. Таң атқаннан кейін, 8 маусым күні сағат 04:00-де жаяу барлау жұмыстары басталған. Онда Уба өзенінен өту нүктесінен болжамды ошаққа дейін 4 шақырым болған.

Сонымен қатар, 8 маусымда Ми-2 орман авиациясының тікұшағы, 56 адам, 8 техника, 2 шағын орман өрт сөндіру кешені, дрон, су көліктері мен вахталық көліктер жұмыс істеді.

Ал Өскемен қаласынан қосымша күштер жіберілген. Онда 17 адам, техника, мобильді пункттер және спутниктік байланыс құралдары болған. Қосымша ретінде тағы 32 адам мен 3 техника резервте дайын тұрды.

Өрт аумағы бар болғаны 10 м².

Өрт ошағы 2025 жылғы 8 маусым күні сағат 06:40-та оқшауланып, 17:00-де толық сөндірілген. Осылайша орман өртінің таралуына жол берілмеді.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив