ШҚО мектептеріне 37 автобус қажет

ЖАҢАЛЫҚТАР 30-05-2025, 12:00 0

Үлкен Нарын ауданындағы облыстық әкімдіктің көшпелі отырысы барысында білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева 2025 жылы өңір мектептеріне 488,2 млн теңгеге 40-тан астам заманауи оқу кабинеттері жөнделетінін айтты. Олардың қатарында тоғыз химия кабинеті, тоғыз биология, тоғыз физика кабинеті және сегіз STEM кабинеті мен робототехника кабинеті бар. Қазірдің өзінде оның 15-і жөнделген.

– Өткен жылы балаларды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін 39,3 млн теңгеге екі автобус сатып алынды. Облыстық бюджеттен 4 автобус сатып алуға тағы 67 млн теңге бөлінді. Жаңа машиналар Күршім ауданының Төсқайың орта мектебіне, Катонқарағай ауданының Өрел мектебіне, Ұлан ауданының балалар музыка мектебіне берілді. Осыған қарамастан, автобус паркін жаңарту мәселесі өзекті болып қалуда – өңірде 37 жаңа автобустың қажеттілігі бар, – деді Инесса Чернышева.

Сонымен қатар оқулықтар жаңартылуда: оларды сатып алуға 450 млн теңге қарастырылған. Тізбе бекітілгеннен кейін білім министрлігі облыстан түпкілікті өтінім қалыптастыратын болады.

Сондай-ақ, инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінеді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Өскемен, Риддер қалаларында, және Шемонаиха, Глубокое аудандарында 2100 орындық 5 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Қазір үш мектепте білім беру қызметін бастау үшін лицензия алу жұмыстары жүргізілуде. 

Алайда, ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева атап өткендей, тиісті актілерді уақтылы алмау себебінен Өскемен мен Глубокое ауданында екі мектепті пайдалануға беруді кешіктіру қаупі бар.

Оффтейк-келісімшарттар тетігі бойынша Тарбағатай ауданында – Тәуке ауылында 80 орындық және Шолақорда ауылында 50 орындық екі мектептің құрылысы аяқталды.

«2025-2027 жылдарға арналған 1300 жаңарту» бағдарламасы аясында бес мектепті күрделі жөндеуге 4,4 млрд теңге жоспарланған.

Облыстың 60 білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеуге қосымша 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. 


 

 

 

 

 

 

 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив