Қауіпсіз жол: ШҚО-дағы оқушы ерекше жоба жасап жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР 29-05-2025, 16:20 0

10 сынып оқушы Әлия Жеңісбекова Vision Zero концепциясына негізделген оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытталған жобаны қолға алды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ы.Алтынсарин атындағы № 39 орта мектептің 10 сынып оқушы Әлия Жеңісбекова өз тұратын шағын аудандағы 5 участкеде зерттеп жүргізіп, сол аумақтағы мәселелерді қалай шешуге болатынын Vision Zero концепциясы негізінде өз жобасында ұсынды. 

Мектеп директоры Гульмира Абюрованың айтуынша, Әлия жобаны жасау кезінде өзі тұратын шағын ауданды зерттеген. 10 минуттың ішінде қандай көліктердің өтетінін, соңғы 5 жылдың ішінде орын алған жол-көлік оқиғаларды зерттеп, картаға жол көлік-оқиғалары жиі болатын жерлерді енгізген. 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Әлияның жобасына қызығушылық білдірді. 

– Бүгін біз «Мектепке қауіпсіз жол» атты маңызды жобаны талқыладық. Бұл жай ғана бастама емес – бұл әрбір баланың мектепке алаңсыз баруына жағдай жасауға жасалған қадам. Күн сайын мыңдаған оқушы құрылыс алаңдарынан, жарықсыз көшелердің жанынан өтеді. Бұл маршруттар әрдайым қауіпсіз бола бермейді. Біздің міндетіміз – осыны өзгерту. Аталған жоба қауіпті учаскелерді анықтап қана қоймай, ата-аналардың, мектептердің, жергілікті билік өкілдерінің және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күшін біріктіруге көмектеседі. Прокуратура балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бастамасын, құқықбұзушылықтардың алдын алуды қолдайды. Біз балалардың қауіпсіздігін қорғау үшін қажетті шешімдерді қабылдауға көмектесуге және қолдау көрсетуге дайынбыз, – дейді Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының  аға прокуроры Рауан Сайранбекұлы.


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив