Елімізде жеке куәлікті онлайн рәсімдеуге мүмкіндік беретін жаңа қызмет түрі іске қосылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында пилоттық жобаны іске қосты.
Қызмет жеке куәліктің жарамдылық мерзімінің аяқталуына 30 күннен аз уақыт қалса немесе жеке куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанынан 10 күннен аспаған жағдайда қолжетімді.
Құжатты қалай рәсімдеуге болады?
-eGov.kz порталына немесе eGov Mobile қосымшасына кіріп, өтініш толтыру қажет;
- ЭЦҚ арқылы қол қойылады;
- Өтінімге талапқа сай түсірілген фотосурет тіркелуі тиіс;
- Жүйе азаматтың тіркелуі мен суреттің талапқа сайлығын тексереді;
- Тексеріс сәтті өтсе, мемлекеттік баж салығын төлеу қажет;
- Өтініш мақұлданған соң, дайын куәлікті ХҚКО-дан алып кетуге болады.
Бұл өзгеріс 2026 жылдың 31 наурызына дейін пилоттық режимде жүзеге асырылады.